ЧЛ: «Астана» мен «Селтик» тең түсті (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чемпиондар лигасының үшінші біліктілік турында "Астана" командасы мен шотландиялық "Селтик" тең тарқасты.

ЧЛ: «Астана» мен «Селтик» тең түсті (ФОТО)

Алғашқы голды бірінші таймда ойынның 17-минутында Юрий Логвиненко салған болатын. Дегенмен екінші таймда қарсыластар сапынан Л. Гриффитс есепті теңестіріп кетті. Қорытынды есеп - 1:1.

Ойын толығымен "Астана" футболшыларының басымдығымен өткен болатын. "Селтик" қарымта шабуылдарға иек артқанымен, шабуылдары мардымсыз көрінген. Алайда шотландиялықтар Астанадан нәтиже алып кетті.

Келесі қарымта кездесу бір аптадан соң, Глазгода өтеді.

null null null null null 

ФОТО: Виктор Федюнин © 2016 «ҚазАқпарат»