ЧЛ-дың үшінші іріктеу кезеңіне өткен «Астана» футболшылары қуаныштарын жасыр алмады - ВИДЕО
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Жальгиристі» жеңгеннен кейін киім ауыстыру бөлмесінде түсірген видеосын жариялады.
«Астана Арена» стадионында өткен қарымта кездесуде алаң иелері литвалық командадан 2:1 есебімен басым түскен болатын.
Бірінші ойын Вильнюсте өткен. Онда есеп ашылмаған болатын - 0:0.
Осылайша, «Астана» футбол клубы УЕФА Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіне өтті.