ЧЛ финалы: Ақтық сында «Реал» мен «Ювентус» бақ сынайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мадридтік «Реал» «Атлетиконы» жеңіп, Чемпиондар лигасының финалына шықты.
None
None

Алғашқы ойында корольдік клуб жерлестерін 3:0 есебімен жеңген еді. Қарымта кездесуде 1:2 есебімен жеңілді, алайда қос ойынның қорытындысы бойынша олар ақтық сынға өтті.

Өз алаңында өткен ойынды "Атлетико" сәтті бастады. 12 минутта Сауль Ньигес есеп ашса, 16 минутта Антуан Гризманн айып добын әдемі орындады.



«Реал» тек бірінші таймның аяқ тұсында ғана жауап қайтара алды. 42 минутта Иско есепті 1:2 қылды, одан соң бұл көрсеткіш өзгерген жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, ЧЛ-дың ақтық сынына алғаш болып "Ювентус" өткен еді. Бұл команда француздық "Монаконы" ұтты (2:0, 2:1).

"Реал" мен "Ювентус" бақ сынайтын финалдық ойын 3 маусым күні Кардиффтегі (Уэльс) "Миллениум" стадионында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар