ЧЛ: «Ювентус» «Реал Мадридті» сырт алаңда ойсырата жеңіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - УЕФА Чемпиондар лигасының ширек финалындағы  «Реал Мадрид» пен «Ювентус» командалары кездесуінің бірінші таймы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ЧЛ: «Ювентус» «Реал Мадридті» сырт алаңда ойсырата жеңіп жатыр

Италиялық футболшылар хорват шабуылшысы Марио Манджукичтің 2-минутта және 37-минутта баспен соққан қос голының арқасында бірінші таймды жеңіспен аяқтады.

Еске сала кетейік, Туриндегі алғашқы ойында мадридтіктер 0:3 есебімен жеңіске жеткен. «Ювентус» келесі айналымға шығу мүмкіндігін сақтап қалу үшін тағы бір гол соғуы тиіс.