«Chrysler» жол апатында баласынан айырылған отбасына 150 млн. доллар төлеуге міндетті болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Джорджия штатының соты «Chrysler» компаниясын жол апатында қаза тапқан 4 жасар баланың әке-шешесіне 150 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеуге міндеттеді, деп хабарлады «РИА НОВОСТИ».
None
None

Жол апаты 2012 жылы болған, онда Ремингтон Уолден есімді 4 жасар бала қаза тапты. Онда Jeep Grand Cherokee көлігі пикапқа соғылып, өртеніп кеткен. Өрттің тез тұтануына автомобильдің зауыттан жіберген қателігі себеп болған.

Сотта алқабилер жол апатында жүргізушінің кінәсі бір-ақ пайыз, көліктің тез өртенуіне компания 99 пайыз кінәлі деп тапқан.

2013 жылы Chrysler компаниясы АҚШ прокуратурасының қысымымен аталған көліктің 1,56 миллион данасын зауытқа қайтаруға мәжбүр болды. Себебі, автомобильдің бензин бактары соққыға төтеп беретін затпен қорғалмаған. Сол себепті көлік тез өртенеді, дейді мамандар.

Chrysler FCA US компаниясының өкілі сот үкіміне келіспей, аппеляциялық шағым келтіретінін мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар