Чжан Мин: ШЫҰ мүшелерін көбейту – біз көздеген мақсат емес
АСТАНА. KAZINFORM – ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин Kazinform агенттігіне берген сұхбатында Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға толыққанды мүше болып қосылуы жөнінде пікір білдірді.
Беларусь Республикасының ШЫҰ-ға толыққанды мүше ретінде кіру процесі 2022 жылы Самарқан саммитінде басталды. Бұл процесс Астана саммитінде аяқталады деп отырмыз, яғни Беларусь Республикасы ұйымның 10-шы мүше мемлекеті атанады.
«Әзірге ШЫҰ-ның 11-ші мүшесі кім болатыны ұйымның күн тәртібіндегі өзекті мәселе емес. Біз бірқатар елден диалог бойынша серіктес мәртебесін алу туралы өтінімдер алдық, сондай-ақ кейбір диалог серіктестері бақылаушы мәртебесіне ауысқысы келетінін білдірген. Осы мәселенің барлығы Ұйымның қызметін жетілдіру аясында талқыланады. Айта кетерлігі, біз көздеген мақсат – ШЫҰ мүшелерін көбейту емес, ұйымның әртүрлі саладағы ынтымақтастығын дамытудың объективті нәтижесі, қағидаттары мен мақсаттарының әмбебаптығын және тартымдылығын тікелей көрсету», - деді Чжан Мин.
Оның айтуынша, ШЫҰ-ның кеңеюі қазіргі әлемде көпполярлылық тенденциясына маңызды серпін беріп, ұйымның халықаралық және өңірлік істерде аса маңызды рөл атқаруына мүмкіндік береді.
Сұхбаттың толық нұсқасына мына сілтеме арқылы өте аласыз.