Цифрландыру арқасында емханалардағы кезек 2 есеге қысқарды – вице-министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саланы цифрландыру арқылы емханалардағы кезек 2 есеге қысқарды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттері Денсаулық сақтау министрлерінің бесінші кеңесінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомство сайтына сілтеме жасап.

Марат Шоранов форум қатысушыларын елдегі жоғары технологиялық медициналық көмектің дамуы туралы хабардар етті. Ол Қазақстан «Дені сау ұлт» жобасын іске асыра отырып, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына ерекше назар аударатынын атап өтті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау ұйымдарын қажетті IT инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы айтты.

«Цифрлық денсаулық сақтауға көшудің арқасында мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізумен қамтылуы 100% деңгейге жетті, емханалардағы кезек 2 есеге қысқарды», - деді Марат Шоранов.

Еске салсақ, Қазақстанда денсаулық сақтау технологияларын бағалайтын мамандар дайындау ісі қолға алынды.


Соңғы жаңалықтар