Цифрландыру: Павлодарда 11 жоба іске асырылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қорытындысы бойынша Ертіс өңірінде цифрландырумен білім беру, денсаулық сақтау, ТҮКШ, көлік және қауіпсіздік саласы қамтылды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, цифрландыру аясында 40 жобаны жүзеге асырып отырған индустрия саласында үлкен серпіліс орын алған.

«2018 жылы Павлодар облысының кәсіпорындары 5 миллиард теңгеге 11 жобаны іске асырды. Жобаларды іске асыру барысында өнімдердің құнын төмендету, отынды тұтынуды сараптау және бақылау, сондай-ақ жұмыс уақытын есепке алуды автоматтандыру арқылы өндіріс процестерін оңтайландыру ескерілді», - деді баспасөз қызметінде.

Қазіргі уақытта цифрландыру электр энергиясын есепке алудың коммерциялық жүйесін, әртүрлі басқару жүйелерін, GPS, атмосфералық және коммутациялық қатты күш беруден қорғайтын құрылғыларды және тағы да басқаларын автоматтандырған «Еуроазиаттық энергетикалық корпорациясы» АҚ, «Каустик» АҚ, «Майқайыңалтын» АҚ, «ERG Service» АҚ-ның филиалы - Павлодар машинақұрастыру зауыты, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Қазақстан электролиз зауыты» Ақ, «Қазақстан алюминийі» АҚ және «Проммашкомплект» ЖШС-да сәтті енгізілген.

Белгілі болғандай, 2019 жылы диспетчерлік және авариялық-құтқару қызметтерін, географиялық ақпараттық жүйелерді, қоғамдық көлікте электронды билеттерді сату жүйесін енгізу, жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты фото-және бейне жазбалар арқылы тіркеу және бейне-аналитиканы жедел басқару үшін жағдайлық орталық құру жоспарлануда.

Фото: Валерий Бугаев

Соңғы жаңалықтар