Цифрландыру тұтынушылар мен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуразиялық экономикалық одақ цифрландырудың жаңа деңгейіне шықты.
None
None

Ұйымға мүше мемлекеттерде цифрлық экономиканы дамыту арқылы қаржылық және нарықтық секторлардың ауысуына, интеграциялық үдерістерді басқарудың заманауи технологияларының өзгеруіне қол жеткізуге болады, деп хабарлайды Хабар 24.

 Сондай-ақ цифрлық құрылымның дамуына және деректер мен байланыс арналарын қорғауға мүмкіндік мол. Мұның бәрі еуразиялық кеңістікте жаңа салалар мен жұмыс орындарын құруға және бизнестік бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді. Бұдан бөлек цифрландыру тауарлардың, қызметтердің, капитал және еңбек қозғалысының алға жылжуына ықпал етеді. Жоғары экономикалық кеңестің қорытындыларын, атап айтқанда, күн тәртібіндегі цифрландыру тақырыбын Еуразиялық экономикалық комиссияның базалық интеграция және макроэкономика министрі Татьяна Валовая түсіндірді.

«Цифрландырудың күрделі мәселе екендігін, оны жан-жақты қарау қажеттігін түсіндік. Енді бізге бүкіл әлемді қамтитын сандық трансформацияда қалай жұмыс істеуді қарастыру керек. Цифрландыру - Еуразиялық экономикалық одақтың экономикалық сын-тегеуріндерге қарсы тұруы үшін жасалып жатқан шара. Қазір сандық сауда-саттық, сандық ақпаратқа қатысты мәселелерді талқылайтын боламыз. Тұтынушылар мен бизнес үшін де бұл жаңа мүмкіндік», - дейді Еуразиялық экономикалық комиссия министрі. 

Соңғы жаңалықтар