13:25, 27 Қараша 2017 | GMT +5
Цифрландырудың нәтижесі: Карьерді роботтар қазады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Неміс сарапшылары Қазақстан экономикасының цифрландыруға қаншалықты дайын екенін тексеріп шықты. Бүгінде өңдеу саласы 20 пайызға дайын болса, тау-кен секторы 40 пайыз даяр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Енді, әлемдік тәжірибені қарасақ, Австралияның жетістіктерін ерекше атап өткен жөн. Ол жақта кен өндіруде, карьерлерде адамдар мүлдем жұмыс істемейді. Ол жақта бәрін ғаламтор арқылы басқарады. Алысқа бармай-ақ, Болгарияда "Челопеч" деген кеніш бар. Біз ол жаққа барып, бәрін көрдік. Сонда қараңыз, олар цифрландырудың арқасында кен өндіруді үш есеге арттыра білді. Әрине, жұмысшылардың санын біршама азайтты. Ал жарақат алу жағдайлары мүлдем жоқ. Біздің негізгі мақсатымыз да осы" , - деді ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау бүгін Астанадағы xалықаралық конференцияда.
Депутаттың айтуынша, бүгінде Қазақстандағы ірі кәсіпорындар цифрландыруға бет алып, осы саладағы бағдарламаларын да қабылдады.