Цифрлық телевидение: қай облыста қолжетімді
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевтың айтуынша, Қазақстанда цифрлық теледидардың сигналы бар.
Алайда теxникалық себептерге байланысты онымен барлық аймақтарды қамту қиындау болып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
"Қазақстанның территориясы кең. Облыс орталығынан 300-400 шақырым шалғай жерде орналасқан аудандар көп. Сол себепті барлық аймақтарға цифрлық сигналды жеткізу оңай емес. Дегенмен, қазіргі кезде құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары атқарылып жатыр. Жоспарға сәйкес, 2020 жылға дейін барлық облыстарда цифрлық теледидар болады", - деді Әжібаев бүгін Өңірлік БАҚ форумында.
Вице-министрдің айтуынша, қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау және тағы бірқатар облыстарда цифрлық теледидарды ұстауға болады. Соның ішінде Маңғыстау облысы аумағы ондай сигналмен толығымен қамтылған. "Бәрі телевизордың моделіне байланысты. Мәселен, 2012 жылдан кейін шыққан болса, цифрлық сигналды ұстай алады", - деп атар көрсетті А.Әжібаев.
Айта кетейік , бүгін Астанадағы "Қазмедиа" орталығында Өңірлік БАҚ форумы ашылды. Сол жерде министр Дәурен Абаев Өңірлік БАҚ альясының немен айналысатынын айтып берді . Ал ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Сауытбек Абдраxманов қазақ тіліндегі сайттарда трайбализмнің күшейіп жатқанына өз алаңдаушылығын білдірді . Бұдан бөлек, сайттардың рейтинг үшін жұмыс істеп жатқаны дасөз болды .