Цифрлық вице-министрлердің жұмыс тиімділігі бағаланады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде цифрлық вице-министрлердің жұмыс тиімділігі бағаланатын болады. Мұндай өзгеріс Цифрлық экожүйенің дамытудың 2022-2027 жылдарға арналған («Киберқалқан-2») тұжырымдамасында көзделген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Цифрлық вице-министрлер үшін дербес деректерді қамтитын мемлекеттік ақпараттық жүйелерді ДҚБ («Дербес деректерге қолжетімділікті бақылау» жүйесі) сервисімен интеграциялау бөлігінде CDO үшін ақпараттық қауіпсіздік бойынша KPI (тиімділіктің негізгі көрсеткіші) 2022 жылға – 40, 2023 жылға – 70, 2024 жылға 100 пайыз анықталды. Бұл шаралар азаматтардың дербес деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаларға беруге, оның ішінде қол жеткізуге келісімін алу үшін ДҚБ сервисінің техникалық құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді», - делінген тұжырымдамада

Осыған байланысты, Цифрлық вице-министрлер жоспарлы кезеңге ДҚБ сервисімен интеграциялау үшін дербес деректері бар мемлекеттік АЖ-ны айқындауға тиіс.


Соңғы жаңалықтар