Циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райын әкеледі - 28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР-ның басым бөлігі циклонның ықпалында болуда, онымен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты шамаланады: кейбір жерлерде жауын-шашындар өтіп, тұман түседі, жел күшейіп, республиканың солтүстігі мен шығысында бұрқасын болады, тек батыста ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Циклон Қазақстанға тұрақсыз ауа райын әкеледі - 28 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кейбір жерлерінде бұрқасын болып, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі ықтимал, жел екпіні 23-28 м/с дейін жетіп, кей жерлерде 30 м/с-тан асып түседі.

Қостанай, Павлодар облыстарында бұрқасын, желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі, жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз кейбір жерлерде бұрқасын, желдің 15-20 м/с дейін соғуы, жел екпінінің 25 м/с дейін жетуі күтіледі.

Ақтөбе облысының кейбір жерлерінде желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы, бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз желдің 15-20 м/с дейін соғуы ықтимал.

Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар жерлерінде тұман, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Жамбыл облысында кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кейбір жерлерде тұман, көктайғақ, күндіз желдің 15-20 м/с жылдамдықпен соғуы күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жекелеген өзендерде мұз құбылыстарының әлсіреуі, су деңгейінің ауытқуы күтіледі. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.