Циклон Қазақстанға жауын-шашын, бұрқасын әкеледі, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде - 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 3 қаңтар. ҚазАқпарат - 4 қаңтар күні Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады, онымен бірге ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі, жауын-шашындар болып, кейбір жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын, екпінді желдің болуы күтілуде.

Циклон Қазақстанға жауын-шашын, бұрқасын әкеледі, тұман және көктайғақ болады деп күтілуде - 4 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстігі ғана антициклонның ықпалында болады, онымен бірге жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.

Алматы облысында кейбір жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөлдің ауданында 15-20 м/с жылдамдықпен соғатын жел күтіледі, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с дейін соғатын екпінді жел күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, желдің 15-20 м/с дейін соғуы ықтимал.

Қызылорда облысында түнде кейбір жерлерде желдің 15-20 м/с дейін соғуы күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының жекелеген аудандарында, күндіз Маңғыстау облысында тұман түседі, Батыс Қазақстан облысының кейбір жерлерінде көктайңақ болуы ықтимал.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Павлодар облысының кейбір жерлерінде жел күші 15-20 м/с дейін күшейе түседі, бұрқасын болуы мүмкін.

Қостанай облысының кейбір жерлерінде түнде тұман түседі, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін, бұрқасын болады. Солтүстік Қазақстан облысының кейбір жерлерінде бұрқасын, тұманның түсуі күтіледі.

Алдағы тәулікте Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз қату құбылыстары салдарынан су деңгейінің ауытқулары байқалады.

Сырдария өзенінің Оңтүстік Қазақстан облысындағы және Қызылорда облысының оңтүстігіндегі бөлігінде Шардара су қоймасынан су ағынының қысқаруына байланысты су деңгейінің азаюы күтілуде.

Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмеуде.