Циклон Қазақстанның батысына жауын-шашын мен тұман әкеледі - 6 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның батыс аймақтары ғана циклон ықпалында болып, мұнда кейбір жерлерде жауын-шашын, тұман күтіледі, деп хабарлайды Қазгирометке сілтеме жасаған ТЖМ-нің баспасөз қызметінен.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 20-25 м/с жылдамдықпен соғатын жел сақталады, күндіз жел екпіні 30 м/с асады.
Шығыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының бірқатар аймақтарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарында кейбір жерлерде тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Қостанай облысында жекелеген аймақтарда көктайғақ болады, түнде және таңертең тұман түсіп, 18 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Ақмола облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады.
Солтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, күндіз желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарында кейбір жерлерде тұман түседі.
Алдағы тәулікте Қазақстанның солтүстік, орталық, шығысында және Алматы облысының жекелеген өзендерінде мұз қату жалғасады. Шығыс Қазақстан және Алматы облысының жекелеген өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.