Циклон салдарынан Мадагаскарда мыңдаған адам эвакуацияланды
Бұған жейін арал мемлекетінде тропикалық дауыл тұрып, 33 адам қаза болып, мыңдаған адамды баспанасыз қалған болатын. Бірнеше апта өткен соң елге «Фредди» циклоны жетіп отыр. Қазір аралда мектептер жабық, көлік қозғалысы тоқтап тұр.
Бұған дейін «Фредди» циклоны Маврикияға залал келтіріп, жағалау маңындағы қонықүйлер су астында қалған еді.
Үнді мұхитындағы арал мемлекетіне циклондар жиі төнеді. БҰҰ гуманитарлық мәселелерді үйлестіру басқармасының мәліметі бойынша, елді жыл сайын орта есеппен 1,5 циклон басып қалады. Бұл Африкадағы ең жоғары көрсеткіш.
«Фредди» циклонының күші Африканың оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан Мадагаскарға жақындаған кезде аздап әлсіреген, желдің екпіні 130 км/сағ-тан асты. Елдің метеорологиялық қызметі нөсер жауатынын ескертті.
«Түнде жағалау маңындағы аудандарды су басу қаупі бар», - делінген хабарламада.
Ресми тұлғалардың айтуынша, 27 жастағы ер адам Маханоро портына жақын маңда суға батып кеткен.
Билік сонымен қатар жағалау аймағынан 7 мың адам эвакуацияланғанын айтты.
Халықаралық Қызыл Крест федерациясы циклон тудырған толқындардың биіктігі 8 метрден асуы мүмкін екенін ескертті.
Фото: WFP