Cириядағы қақтығыста батыс ауыр соққы алды - Ресей ислам комитетінің төрағасы
АЛМАТЫ. 25 қараша. ҚазАқпарат - Сирия мәселесінде ислам әлемі екіге жарылып отыр. Бұл туралы Бішкекте өткен «Орталық Азиядағы исламның оянуы үдерісі аясындағы зияткерлік бастама» деп аталатын халықаралық конференцияда айтылды.
«Сирия - қарама-қарсы екі ғаламдық жүйенің тоғысқан жері болып отыр. Ондағы екі тараптың да негізгі ойыншылары исламға қарсы. Сондықтан ондағы мұсылмандар әлемдік қос ойыншының өз ықпал аймағын кеңейтуге бағытталған соғысының құрбаны болып отыр», - деді Ресей ислам комитетінің төрағасы Гейдар Жемаль. Оның айтуынша, Сириядағы қақтығыста батыс ауыр соққы алды. Бұл үдеріс замануи әлемдік жүйенің әділетсіз құрылғанын көрсетті және оның әлсіреуіне жол ашып отыр.