05:32, 28 Маусым 2012 | GMT +5
Цирк хайуанаттары мен қатысушыларының кавалькадасы 6 күн бойы өтеді
АСТАНА. 28 маусым. ҚазАқпарат - Кавалькада - «Азия жаңғырығы» цирк өнері халықаралық фестиваліне қатысушы хайуанаттар мен әртістердің мерекелік шеруі.

Шеру «Астаналық цирктің» үрмелі аспаптар оркестрінің сүйемелдеуімен астана көшелерінде 30 маусым мен 5 шілде аралығында өтеді. Басталуы сағат 17.00 мен 19.00.
«Бәйтерек» баспасөз орталығының таратқан мәліметінше, Шеру Цирк - Сарыарқа даңғылы - Бөгенбай батыр даңғылы - Республика даңғылы - Қабанбай батыр даңғылы - Цирк бағыты бойынша жүреді.