12:25, 23 Наурыз 2014 | GMT +5
Цирктен қашқан пілдер бірнеше көлікті таптап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Американың Миссури штатында бірнеше піл цирктен қашып кетті.
Пілдер циркте көрсетілім болып жатқан кезде сырт жақтағы жол арқылы шығып кеткен. Оларды ұстап, тордағы орындарына әкелгенше жануарлар тұрақта тұрған бірнеше автокөлікті қиратып үлгерген, деп хабарлады «Газета.Ru».
Еске сала кетейік, өткен жылдың қыркүйегінде Париж маңында тордағы қамауынан босап кеткен цирк пілі қарсы кездескен егде жастағы адамды таптап өлтірген еді.