CITIC Group басшысы Си Гохуа «Достық» II дәрежелі орденімен наградталды
БЕЙЖІҢ. KAZINFORM – Қытайдың CITIC Group корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Си Гохуа екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін «Достық» II дәрежелі орденімен наградталды, деп хабарлайды Kazinform-ның Бейжіңдегі меншікті тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан жоғары мемлекеттік награданы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайдағы Қазақстан елшілігінде табыстады.
-«Достық» орденін табыстау қазақ-қытай қатынастарының берік екенін көрсететін тағы бір символға айналып, CITIC Group-пен ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге қосымша серпін береді, – деп атап өтті Нұрлыбек Нәлібаев.
Си Гохуа Қазақстан басшылығы мен халқына алғысын білдірді. Ол награданы екі елдің іскер топтарының жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру жолындағы бірлескен күш-жігерінің мойындалуы деп бағалайтынын айтты.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Дүниежүзілік кеден ұйымының бас хатшысын «Достық» II дәрежелі орденімен наградтағаны хабарланған еді.