Citroen-ді алғаш рет әйел басқарады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Француздық Citroen компаниясының тарихында бас директор боп алғаш рет әйел тағайындалды, деп жазады РБК.
Линда Джексон 2014 жылғы 1 маусымда бұған дейін бұл лауазымды атқарып келген, бұдан кейін PSA Тобының бас акционері - FFP қаржылық холдингінде жұмысын жалғастыратын Фредерика Банзаны алмастырады.
Қазіргі уақытта Линда Джексон Ұлыбритания мен Ирландияда Citroen-ның бас директоры болып табылады. Одан басқа жаңа лауазымға 1 маусымнан бастап Иф Бонфон да ауыспақ, қазіргі уақытта ол Сitroen компаниясының стратегияны дамыту жөніндегі директоры және марканың бас директорының орынбасары болып табылады. Ол енді DS брендінің бас директоры атанбақ.
Автоөндіруші компанияның басшысы болған алғашқы әйел 2013 жылдың аяғында General Motors концернінің басшысы лауазымын атқарған Мэри Барра екенін еске саламыз.