CҚО-да полицейлер күшейтілген қызмет режиміне көшті

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік атқаратын жасақтардың саны көбейтілді.
«Петропавл қаласында ғана қоғамдық тәртіпті сақтауға 200-дей адам жұмылдырылды. Олардың ішінде әскери қызметшілер де бар. Халықтың төлқұжатты жасатуға қатысты сұранысының артуына байланысты Көші-қон қызметін көрсету орталығында қосымша жұмыс орындары ашылды. Тек демалыс күндері ғана мемлекеттік қызметтің осы түріне байланысты 200-дей солтүстікқазақстандық қызметкерлердің көмегіне жүгінді», - дейді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты коронавирустың таралғандығы жөнінде көптеген жалған хабарламалар таратыла бастаған. Полицейлер жалған ақпаратты таратқандардың қылмыстық жауапқа тартылатындығын еске салады. Олар заң бойынша 1 мың АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді немесе бір жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.