CҚО-да сотталғандар арасында 10 неке қиылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқандар арасында биыл 10 неке заңдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, б ас бостандығынан айыру орындарында некеге отыру кездесіп тұрады. Көптеген түзету мекемелері тіпті некені заңдастыруды құп көреді. Өйткені оның оң жақтары көп. Үйленгендерді тәртіпті болып, мерзімінен бұрын тезірек босап шығуға ынталандырады. Сотталғандар қоғамдық өмірге белсенді қатыса бастайды, олардың мінез-құлқы жақсарады.

«Колонияда үйленген сотталушының босатылғаннан кейінгі тағдыры оның қандай ортаға түсетініне байланысты. Жалпы сотталғандар некеге негізінен жақын адамдарымен кездесуге рұқсат алу үшін үйленеді. Қалыңдықтардың сотталушыға күйеуге шығуының бір себебі - азаматтық некедегі және ресми үйленгендердің құқықтарындағы айырмашылық. Бірінші жағдайда мекеме қызметкерлерінің қатысуымен қысқа мерзімді кездесулерге, ал үйленген жағдайда ұзақ мерзімді кездесулерге құқылы. Арнайы бөлмеде үш күн тұруға болады», - дейді «ЕС-164/9 мекемесі» РММ аға инспекторы Ольга Рогачева.

Түзету мекемесі қызметкерінің айтуынша, сотталғандар жұптарын хат арқылы табады немесе бостандықта жүргенде кездесіп, бірақ отбасын құрып үлгермегендеріне үйленеді. Сондай-ақ жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтеп жүріп бір-бірін тапқандар да бар.

«Қауіпсіздігі барынша төмен мекеме болып табылатын СҚО бойынша ҚАЖД «ЕС-164/9 мекемесі» РММ-де биыл екі неке қиылды. Ақпан айында Динара мен Сәбит үйленді. Екеуі де біздің мекеменің сотталушылары. Олар осында кездесті, бір-бірін ұнатты. Ал мамыр айында Наталья мен Руслан отбасын құрды. Некені тіркеу сотталғандардың мінез-құлқына оң әсер етеді. Олардың ортақ мақсаттары, жоспарлары пайда болады», - дейді Ольга Рогачева.

Жалпы биыл СҚО-да жазасын өтеп жатқандар арасында 10 неке заңдастырылды.


Соңғы жаңалықтар