CҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасына жаңа басшы тағаындалды

ПЕТРОПАВЛ. KAZINFORM – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен келісілген өкіміне сәйкес Біржан Сайлауұлы Көшербаев құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

а
Фото: СҚО әкімдігі

СҚО әкімдігінің мәліметінше, Біржан Көшербаев 32 жаста. СҚО Аққайың ауданы Рублевка ауылының тумасы. Ұлттық бизнес институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын СҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі болып бастаған. 

Әр жылдары облыс әкімінің бас инспекторы, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. 

Осы тағайындауға дейін жеке кәсіппен айналысты.

Бұған дейін Әділет Тұрғанбаев ҚР туризм және спорт вице-министрі болып тағайындалғанын жазған едік.