CҚО-ның Кедендік бақылау департаментінде кадрлық өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен комитеттің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымына Марат Әділжанұлы Жұматов тағайындалды. Бұл туралы ҚР ҚМ КБК баспасөз қызметі хабарлады.

CҚО-ның Кедендік бақылау департаментінде кадрлық өзгерістер болды

Тағайындалғанға дейін М. Жұматов Комитеттің Ішкі қауіпсіздік басқармасының бөлім бастығы лауазымында болды.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының бұйрығымен Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары Төлеп Салтанатұлы Балғымбаев кеден органдарынан босатылды.