«Classic» радиосына - 2 жыл

АСТАНА. 4 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Орталық Азия аймағындағы классикалық музыка радиостансысына екі жыл толды.
None
None

Осыдан екі жыл бұрын Қазақстан әуе толқыны кеңістігінде бұрын-соңды болмаған «Классика» радиосы дүниеге келді. «Классика» радиосының мақсаты - академиялық музыка мәдениетін барлық қазақстандық тыңдармандардың рухани азығына айналдыру.

«Уақыт елегінен және сынынан өткен, көптеген ғасырлар мен ондаған жылдар бойы біздің әлемге үйлесімдік пен сұлулық сыйлайтын музыканың әуе толқынынан естіліп жатқаны үшін мен бақыттымын. Классикалық музыка жеке тұлғаның зияткерлік әлеуетін, ал бүтіндей алғанда біздің қоғамның адами ресурсын арттырады», - дейді аталмыш радионы құру идеясының авторы, Қазақстан Республикасының Халық артисі Жәния Әубәкірова.

Классика радиосы Алматыдан 102.8 жиілігінде хабар таратады. Әуе толқынының контентін жоғары кәсіби деңгейдегі академиялық классикалық музыка құрайды. Эфирдегі жүргізушілер - кәсіби музыканттар. Тыңдармандар мәдениет әлемінің соңғы жаңалықтарынан және алда болатын концерттер мен фестивальдерден құлағдар болу үшін, 102.8 жиілігін тыңдауға ниеттенеді. Бұл радиода белгілі кинотанушы Олег Борецкиймен бірге өзіңіз қастерлейтін фильмдерден үздік әуендер тыңдауға болады. Карина Абдуллина жүргізетін бағдарламада отандық және шетелдік орындаушылармен кездесесіз. Ал Диана Макина және Владимир Осиповпен бірге джаз стандарттары мен джаз аңыздарын еске алуға болады.

Екі жылдан бері тәулігіне 24 сағат бойы 102.8 жиілігінде әлемдік классикалық музыканың бірегей туындылары «Классика» радиосының әуе толқынында қалықтап келеді.

Соңғы жаңалықтар