«Coca-Cola Былғары доп» турнирінде жеңген қазақ балалары Еуро-2016 финалын тамашалай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жасөспірімдер мен балалар арасындағы «Coca-Cola Былғары доп» футбол турнирінің мерейтойлы 10-шы маусымында жеңген футбол командасы Францияда өтетін 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионатының финалын тамашалауға мүмкіндік алады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Футбол федерациясында осы жобаның мерейтойлық оныншы маусымына арналған баспасөз мәслихатында «Coca-Cola» компаниясының Орта Азия елдері және Кавказ өңіріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстары жөніндегі менеджері Олег Пилецкий мәлім етті.
None
None

«Өздеріңіз білетіндей, келесі жылы Еуропа чемпионатының финалы өтеді.Ең үздік команда Францияда өтетін Еуро-2016 турнирінің финалын тамашалай алады»,- деді журналистердің сұрағына жауап бере отырып О.Пилецкий. Жеңген команданың барып-келуге, жатын орнына кететін шығынын түгелдей «Coca-Cola» компаниясы өз мойнына алады. Бұл ретте «Coca-Cola Былғары доп» жобасы туралы толығырақ айта кетсек. 2006 жылы Қазақстан Футбол федерациясы мен «Coca-Cola» компаниясының осы әлемдік жобасы бірлесе отырып, Қазақстанда «Coca-Cola Былғары доп» турниріне бастама берген болатын. Әлем бойынша бұл жобаға жыл сайын 1 миллион 300 мың бала қатысады екен. Арнайы зерттеудің нәтижесіне сүйенсек, бұл балалардың үштен бірі, яғни, 400 мың жасөспірім - Қазақстанның балалары. «Coca-Cola Былғары доп» - еліміздегі ауқымы өте кең жарыс. Себебі жылына 400 мың бала мен жасөспірім осы жоба аясында саламатты өмір салтын сақтап, ұдайы түрде спортқа, оның ішінде, футболға ден қойып жүр. 2016 жылы турнир 10 жылдығын атап өтеді. 2010 жылы турнир ФИФА-ның арнайы сыйлығы - Балалар мен жасөспірімдер арасындағы ең жақсы бұқаралық жарыс сыйлығын иеленді. Сондықтан 10 жыл бойы Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында футболға осындай қолдау көрсетіп келе жатқан Coca-Cola компаниясына алғысымды айтқым келеді», - деді Қазақстан Футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов. «Coca-Cola Былғары доп» турнирінің тағы бір ерекшелігі - бұған кәсіби футболшы балалар қатыса алмайды. Турнир - футболды жаны сүйетін, қаланың болсын, даланың болсын, әуесқой футболшы балалары арасында өтетін жарыс. Сондықтан бұл турнирге тіпті ауыл мектебінің балалары мектеп ішінен команда құрап, аймақтық турнирлерде, одан кейін, облыстық турнирді жеңіп, республикалық финалдық ойындарға қатыса алады.

Соңғы жаңалықтар