Coca-Cola, IBM мен Microsoft әлемнің ең қымбат брендтері болып белгіленді
АСТАНА. 5 қазан. ҚазАқпарат - Interbrand агенттігі құрастырған жер шарының ең қымбат жүз бренді тізімін Coca-Cola, IBM және Microsoft басқарды.
Coca-cola бұл тізім бойынша бірнеше жыл қатарынан көш бастап келеді. Сарапшылар корпорация брендін 71,861 млрд долларға бағалап отыр. Бір жыл ішінде ол 2%-ға көтерілген. Екінші орын алған IBM брендінің жылдық өсімі 8%-ды құрайды (69,95 млрд доллар),ал үшінші орындағы Microsoft-тікі 3%-ға төмендеп, 59,087 млрд долларды құрады», - деп хабарлайды Newsru.com.
Әлемнің ең қымбат брендтерінің алғашқы бестігіне сонымен қатар Google (55,317 млрд, +27%) және General Electric (42,808 млрд) ілікті.
Ал McDonald's (35,593 млрд), Intel (35,217 млрд), Apple (33,492 млрд), Disney (29,018 млрд) және HP (28,479 млрд) алғашқы ондықты қорытындылады.
Он бірден жиырмасыншы орынға дейін сәйкесінше, Toyota, Mercedes-Benz, Cisco, Nokia, BMW, Gillette, Samsung, Louis Vuitton және Honda орналасты.
Жүздің соңында тайваньдік HTC бренді (3,605 млрд), италиялық Ferrari (3,591 млрд) мен америкалық Harley-Davidson (3,512 млрд).