10:50, 06 Желтоқсан 2015 | GMT +5
Coca-Cola Мексика тұрғындарынан жарнама үшін кешірім сұрады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Coca-Cola компаниясы нәсілшілдік көзқараста делінген жарнама үшін Мексика тұрғындарынан кешірім сұрап, өз сайтынан олардың беделіне нұқсан келтірді деп бағаланған роликті алып тастады. Бұл туралы lifenews.ru хабарлады.
Жарнамада ақ нәсілді адамдар байырғы мексикалықтарға Кока-кола түріндегі сыйлықтар мен жаңа жылдық шырша алып келеді. Жарнама авторлары видеода бірлік пен қуанышты сәтті жеткізуді көздегенін айтқанымен, бұл жарнама үндістерді нәсілге бөліп, ар-намысына нұқсан келтірді деп бағаланды.