Colgate-Palmolive өз тауарларын Ресейге жеткізуден бас тартты

МӘСКЕУ. ТАСС – ҚазАқпарат – Colgate-Palmolive америкалық компаниясы денсаулық және гигиенаға қажетті заттардан басқа тауарлардың барлығын Ресейге жеткізуден бас тартты. Бұл туралы жұма күні компания сайтында жарияланған мәлімдемеде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтеме жасап.

Colgate-Palmolive өз тауарларын Ресейге жеткізуден бас тартты

«Біз денсаулық және гигиена үшін күнделікті қолданысқа қажетті заттардан басқа барлық тауарлардың импортын және сатылымын тоқтаттық (РФ-ға)», - делінген мәлімдемеде. – Біз сондай-ақ барлық капиталдық салымды <...> және жарнамалық қызметті тоқтаттық.

Аталған шешімнің қабылдануына Ресей мен Украина арасындағы мәселе түрткі болғаны атап өтілген.