Cоңғы үш жылда қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын бастапқы мүгедектік 8,7 пайызға төмендеді - Денсаулық министрлігі
АСТАНА. 25 маусым. ҚазАқпарат - Cоңғы үш жылда қан айналымы жүйесі ауруларынан болатын бастапқы мүгедектік 8,7 пайызға төмендеді.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің кеңейтілген отырысы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов осылай мәлім етті.
Вице-министрдің айтуына қарағанда, жоғары технологиялардың кең ауқымын енгізу арқасында елімізде кардиохирургия саласында ілгерілеушілік айтарлықтай болды.
«Мәселен, соңғы жылдары кардиохирургия саласында жүрекке 20 мыңнан астам ота жасалды. Қан тамырларын стенттеу, трансплантация секілді күрделі оталар жүзеге асты. Бұл өз кезегінде қан айналымы ауруларынан болатын бастапқы мүгедектікті біршама төмендетті. Нақтыласақ, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 8,7 пайызға кеміді», - дейді Е.Байжүнісов.