Қазақстан $1,2 млрд-тың энергетикалық жобалары бойынша келісімдерге қол қойды

АСТАНА. KAZINFORM — COP31 аясында Қазақстан жаңартылатын энергия көздерін дамыту және газ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жалпы құны $1,2 млрд болатын келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ ұлттық павильонда еліміздің экологиялық жобалары мен заманауи жасыл технологиялары таныстырылды. Бұл туралы Үкімет мәлімдеді.

COP31: Қазақстанда екі жел электр стансасы салынып, 1,35 млн ақылды газ есептегіші орнатылады
Фото: Үкімет

COP31 аясында Олжас Бектенов Қазақстанның ұлттық павильонына да барды. Көрме кеңістігінің тұжырымдамасы еліміздің табиғи мұрасын, заманауи экологиялық жобалар мен болашақ технологияларын біріктіреді. Тұран жолбарыстарының бейнесіндегі Үміт пен Амур атты интерактивті жасанды интеллект гидтері павильонның басты элементтерінің бірі болды. Сондай-ақ орман алқаптарын қалпына келтіру, метан қалдықтарын азайту және Каспий теңізі арқылы Еуропаға «жасыл» энергетика дәлізін құру жобалары ұсынылған.

COP31: Қазақстанда екі жел электр стансасы салынып, 1,35 млн ақылды газ есептегіші орнатылады
Фото: Үкімет

Жекелеген экспозициялар литий-ионды аккумуляторларды, пластик пен автокөлік шиналарын қайта өңдеу, қалдықтардан энергия өндіру және өнеркәсіптік қалдықты азайту технологияларына арналған. Павильон бағдарламасы Солтүстік Арал теңізін қалпына келтіру, Каспий экожүйесін сақтау, «жасыл» энергетикаға көшу, көміртегі нарықтарын дамыту және «жасыл» инвестицияларды тарту мәселелерін қамтиды. 

COP31: Қазақстанда екі жел электр стансасы салынып, 1,35 млн ақылды газ есептегіші орнатылады
Фото: Үкімет

Цифрлық шешімдерге, оның ішінде өңірлік көміртегі ЖИ- платформасын құруға, климаттық мониторинг жүргізуде ғарыштық технологияларды қолдануға және «Каспий климаттық қалқаны» мемлекетаралық бейімделу жүйесін дамытуға ерекше мән беріледі.

инициативы Казахстана на COP31 в Анталье
Фото: Үкімет

Конференцияның 31-ші сессиясы аясында қазақстандық делегация жаңартылатын энергияны дамыту және газ инфрақұрылымын жаңғырту бойынша жалпы құны шамамен $1,2 млрд-ты құрайтын бірқатар келісімге қол қойды. Құжаттар Түркістан облысында қуаты 150 МВт және Қостанай облысында қуаты 1 мың МВт болатын жел электр стансаларын салуды, сондай-ақ деректерді қашықтықтан беретін 1,35 млн интеллектуалды газ есептегіштерін орнату бойынша Aqyl Energy жобасын жүзеге асыруды көздейді. Бұдан бөлек, қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі құжаттарға қол қойылды.

Еске сала кетейік, Премьер-министр Олжас Бектенов Антальяда COP31 саммитіне қатысып жатыр. Ол Қазақстанның «Таза Қазақстан» бастамасы, 2 млрд ағаш отырғызу жоспары, су қауіпсіздігі және жасыл энергетиканы дамыту бағытындағы басымдықтарын таныстырды.