COSCO-мен бірлескен жоба Еуразиядағы логистикалық тізбек құрылымын өзгертеді - ҚТЖ

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ-ның COSCO Shipping корпорациясы мен Ляньюнган порты «Қорғас - Шығыс қақпасы» еркін экономикалық аймағын бірлесіп дамыту туралы инвестициялық келісімге қол қоюы - Мемлекет басшысының контейнерлер ағынын ұлғайту бойынша және 2020 жылға қарай бұл контейнерлерді 2 млн-ға жеткізу тапсырмасын жүзеге асырудың бастамасы. Бұл туралы «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ-ның президенті Қанат Алпысбаев «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісіне берген сұхбатында хабарлады.

COSCO-мен бірлескен жоба Еуразиядағы логистикалық тізбек құрылымын өзгертеді - ҚТЖ

«Әлемдік көшбасшыларды, соның ішінде COSCO Shipping Line компаниясын тарту - Мемлекет басшысының контейнерлер ағынын ұлғайту бойынша және 2020 жылға қарай бұл контейнерлерді 2 млн-ға жеткізу тапсырмасын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл жобаның бірлесіп жүзеге асырылуы Еуразия құрлығындағы логистикалық тізбектің жаһандық құрылымын өзгертеді деп ойлаймыз және бұл «Қорғас - Шығыс қақпасы» ЕЭА мен жалпы Алматы облысының дамуына серпін береді», - деді ол.

Келісімге қол қою рәсімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бір белдеу, бір жол» атты халықаралық ынтымақтастық бойынша жоғары деңгейдегі форумға қатысуымен қатар,  ҚХР-ға жасаған ресми сапары аясында өтті.