Costa Concordia апатқа ұшыраған кезде экипаж мүшелерінің бірі сейфтен 1,3 млн. еуро алып үлгерді

АСТАНА. 27 қараша. ҚазАқпарат - Италияның Джильо аралының жағалауында 2012 жылы 14 қаңтарда болған апаттың жай-жапсары 26 қараша күні белгілі болды.

Costa Concordia  апатқа ұшыраған кезде экипаж мүшелерінің бірі сейфтен 1,3 млн. еуро алып үлгерді

2012 жылдың басында Costa Concordia круиздік лайнері рифпен соғылған кезде экипаж мүшелерінің бірі батып бара жатқан кеменің сейфінен 1,245 млн. еуроны алып үлгерген, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.

Сейфтегі ақшаны капитан Джованни Ноннистің жолаушылар жөніндегі көмекшісінің орынбасары құтқарып қалды. Ол барлық соманы толықтай қайтарып берген.

Еске сала кетсек, 4200 жолаушысы мен экипаж мүшелері бар Costa Concordia кемесі Жерорта теңізінде жүзіп бара жатқан кезінде Джильоға жақын маңда рифке соғылған болатын. Апат салдарынан 32 адам опат болды.