Counter-Strike ойынында жеңіске жеткен қазақстандық команда 1 млн доллар алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлемге  танымал Counter-Strike компьютерлік ойыннан халықаралық турнирде жеңіске жеткен қазақстандық команда 1 млн доллар алды. 
None
None

Бұл жайында Думан Жұмаділов Фейсбуктегі парақшасында жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біздің команда үшін мақтанамын әрі қуаныштымын. Әдеттегідей қазақстандықтардың халықаралық аренадағы кез келген жеңістеріне қуанамын», - деп жазды Думан Жұмаділов.

Оның жазуынша, миллиардер Әлішер Усманов 100 млн долларға Virtus Pro компьютерлік ойынының кәсіби командасын сатып алған. Демек бұл да инвестиция салудың тамаша көзі болып отыр. Аталған команданың әлемдік деңгейдегі ойыншылары айына 5 мыңнан 10 мың долларға дейін табыс табады.

«Жасалатын компьютерлік ойындардың бюджеті баяғыда-ақ голливудтық блокбастерлердің шығыстарынан да асып кеткен. Ал шамамен 1 миллионға жуық адам тартылған Голливуд  АҚШ-тың барлық автомобиль өненркәсібі немесе ауыл шаруашылығынан да мол табыс пен салық түсіреді. Ал компьютерлік ойындар үшін тіпті үлкен түсірілім павильондары немесе қымбат камера мен құрал-жабдық керек емес. Тек креативті идея болса болған. Сіздерден де Call of duty сагасын жасағандай дүние күтіледі. Бұл ойыннан түскен табыс  10 000 000 000 долларға жақын», - деді Думан Жұмаділов. 

Оның пайымынша, компьютерлік технологияларға қаржы құйып, балаларға арналған компьютерлік және ақпараттық мамандандырылған мектептер, робот техникасы мектептерін ашу қажет.

«Біздің зейнетақы қаржымызды осындай мектептер мен университеттерге салса жақсы болар еді. Айына 100 доллардан кем зейнетақы алатын зейнеткерлеріміз үшін соншалықты ауыр әрі қынжылтатындай жайт болмас еді», - деді ол.

null null 

Соңғы жаңалықтар