COVID-19: 2 152 пациент стационарда жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 3 қаңтардағы мәлімет жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

COVID-19: 2 152 пациент стационарда жатыр

«3 қаңтардағы мәлімет бойынша, 16 544 адам коронавирус инфекциясынан (–14 623+ және 1 921 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 2 152 пациент стационарда жатыр, 14 392 науқас амбулаторияда ем қабылдап жүр», делінген хабарламада.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 194 адамның жағдайы ауыр, 68 пациенттің жағдайы өте ауыр, 47 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.