COVID-19: 25 жастағы пациент Нью-Йорк-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – 25 жастағы пациент Нью-Йорк-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген. Бұл туралы Алматыдағы эпидемиологиялық ахуал туралы қалалық Қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

COVID-19: 25 жастағы пациент Нью-Йорк-Мәскеу-Алматы рейсімен ұшып келген

Оның айтуынша, жаңадан анықталған пациенттердің бірі — 25 жастағы науқас 21 наурызда Нью-Йорк - Мәскеу - Алматы рейсімен ұшып келген.

«Ал қалған адамдар КВИ расталған адамдармен байланыста болғандар. Барлық пациенттердің жай-күйі қанағаттанарлық. Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханаларында қазір 40 пациент бар, оның ішінде екеуі – бала. 38 пациенттің жай-күйі – қанағаттанарлық, 1 баланың жағдайы орташа дәрежеде, біреуінде – жағдайы ауыр, ентігуіне байланысты өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Бүгінде провизорлық госпитальдарда карантинде 938 азамат, оның ішінде 56 бала бар. Карантиндегі барлық адамның температурасы қалыпты жағдайда», - деді Тілеухан Әбілдаев.