18:26, 05 Мамыр 2020 | GMT +5
Covid-19: Алматыда өлім-жітім көрсеткіші 0,6 % болып отыр
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирус жұқтырған науқастардың 77% симтопмсыз өтіп жатыр. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, жасырын ошақтарды белсенді анықтаудың арқасында жұқтырғандарды ерте бастан анықтау мүмкіндігі артты.
«Қалада науқастардың 77% қанағаттанарлық жай-күйде және олардың ауруы жеңіл түрде симптомсыз өтіп жатыр. Бұл Covid-19 дер кезінде анықталуының дәлелі болса керек. Бұл емдеуді жеңілдетеді, өйткені біз жағдайды шиеленіскен жағдайға дейін жеткізбеуге тырысып жатырмыз. Қала бойынша бұл инфекциядан өлім-жітім төмен деңгейде – 0,6% қалып отыр», - деді басқарма басшысы.
Мұның алдында коронавирус инфекциясына шалдыққандардың саны 1353-ке жеткенін хабарлаған болатынбыз.