COVID-19 аяқталды, бірақ қандай да бір патогендік өзгерістер қатері бар - БҰҰ кеңесшісі

«Өткеннің бәрінен сабақ алуымыз керек. Өзгерістерге дайын болу үшін мұның бәрін трансформациялауға тиіспіз. COVID-19 аяқталды, бірақ қандай да бір келесі патогендік өзгерістер қатері бар. Пандемия – өте күшті қатер. Бүгінде біз өзге де проблемалар жайында естіп отырмыз. Қоршаған ортаға байланысты дағдарыстар болып жатыр. Таралатын және таралмайтын аурулар бар. Бір ел өз бетінше қандай да бір дағдарыспен күресе алмайтынын түсінеміз. Сондықтан да халықаралық ынтымақтастық өте маңызды», - деді шетелдік мейман.
Оның атап өтуінше, мемлекеттер алдағы уақытта болуы мүмкін өзгерістерге лайықты тойтарыс беруі үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға мүмкіндік беретін негізгі әзірлемелерді дайындау керек.
«Пандемия жаһандық ынтымақтастықтың маңызын көрсетіп берді. Сондықтан әлемнің бір бөлігінде пайда болған пандемия келесі күні-ақ әлемнің екінші бөлігіне жетуі мүмкін. Сондықтан да ақпарат алмасу және ынтымақтастық көптеген проблеманы шешудің басты аспектісі саналады. Қазіргі уақытта зерттеу қызметіне базар назар аудар қажеттігін түсініп отырмыз. Барлық уақытта да жаңа вакцина әзірлеуіміз қажет. Адамдарды қорғауға тиіспіз», - деді Джейме Калдерон.