COVID-19: Дания Еуропада алғашқы болып барлық шектеулерді алып тастады

КОПЕНГАГЕН. ҚазАқпарат - Дания қайтадан барлық ковид шектеулерін алып тастаған бірінші еуропалық ел болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Еuronews-ке сілтеме жасап.

COVID-19: Дания Еуропада алғашқы болып барлық шектеулерді алып тастады

Енді бетперде тіпті көлікте де қажет емес. Кейбір бақылаулар тек келетін шетелдіктер үшін қалады, бірақ Копенгагенде бұл ұзаққа созылмайды деп үміттенеді.

«Енді бетперде киюдің қажеті жоқ. Енді бізде таңдау бар: не өзімізді қорғауға, не еркін жүруге тиіспіз».

Премьер-министр Метте Фредериксен елдің «коронавирусқа дейінгі өмірге» оралатынын мәлімдеді. Даниялықтардың 80% вирустан қорғалған деп саналады. Бұлар - вакцинацияланған және сауығып кеткен азаматтар.