COVID-19: Елордадан қазан айынан бері шетелдік 15 адам депортацияланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева елордада коронавирус жұқтырған азаматтарды уақтылы анықтау жұмыстары бұрынғыша жүргізіліп жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Коронавирус жұқтырған азаматтарды уақтылы анықтау мақсатында ПТР анықтамасынсыз келген адамдар карантиндік стационарға жатқызылып, олар қатаң түрде тексеріліп жатыр. Осы жылдың 2 қазаны мен 10 желтоқсаны аралығында 283 рейспен астанаға 35 450 адам келді. Оның ішінде теріс ПТР нәтижесі бар анықтамамен 30 767 азамат жетті. Депортацияланғандардың саны 15. Карантиндік стационарға жатқызылғандар және тексерілдер – 4668. 22 симптомсыз науқас анықталып оның 4-і емдеуге жатқызылды», - деді Жанна Пралиева Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында.

Оның айтуынша автоөтпе жолдар арқылы басқа елдерден келген адамдардың денсаулық жағдайына мониторинг жүргізілуде. Қазан айынан бастап елордаға автоөтпе жолдар арқылы барлығы 4197 адам келген. Оның ішінде автоөтпе жолдар арқылы өткендердің ішінен COVID-19 вирусын жұқтырудың 6 жағдайы жүк тасымалдаушылар арасында тіркелген.


Соңғы жаңалықтар