COVID-19: Эстония сауналар мен акваорталықтарда да маска тағуды міндеттемек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Эстония COVID-19-ға байланысты жаңа шектеулер енгізуде. Маскаларды тіпті сауналарда, спа-да және аква орталықтарында да кию міндеттелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

COVID-19: Эстония сауналар мен акваорталықтарда да маска тағуды міндеттемек

Сонымен қатар 1 қарашадан бастап елде қоғамдық тамақтану жұмыстарының қызметі шектеледі. Жұмыс күнін 6:00-ден бастауға және 23:00-ден кешіктірмей аяқтау талап етіледі. Жаңа ережелер 12 жастан асқан барлық адамдар үшін қолданылатын болады.

Әзербайжан билігі арнайы карантин режимін 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін ұзартты. Барлық қолданыстағы шектеулер күшінде қалды. Атап айтқанда, еске алу рәсімдерін өткізуге тыйым салынады, үйлену тойларында және басқа да мерекелерде шектеулі қонақтардың қатысуына рұқсат етіледі. Барлық осындай іс-шараларға қатысушылар тек вакцинация туралы сертификаттар болған жағдайда ғана жіберіледі.

Украинада пандемия басталғаннан бергі бір күн ішінде анықталған коронавирус жағдайларының саны бойынша тағы бір антирекорд тіркелді-26 810 жаңа жағдай.