20:31, 04 Тамыз 2020 | GMT +6
COVID-19-ға қарсы күресетін медицина қызметкерлерінің үстемеақысын уақытылы төлеу тапсырылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ералы Тоғжанов әкімдіктерге және министрліктерге COVID-19-ға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлерінің үстемеақысын уақытылы төлеуді тапсырды. Бұл туралы бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Ведомствоаралық комиссияның отырысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ералы Тоғжанов өңірлердің әкімдіктеріне және министрліктерге COVID-19-ға қарсы күреске тартылған медицина қызметкерлеріне тиісті үстемеақы мен өтемақыны уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді тапсырды.