COVID-19: Johnson&Johnson Африкалық одаққа 220 млн доза вакцина жеткізеді
Агенттік вакцинаны Африкалық одақтың 55 еліне жеткізу 2021 жылдың үшінші тоқсанында басталатынын хабарлайды.
Африкалық одақ континент елдеріне COVID-19-ға қарсы вакцинаға тағы бір жол ашауға шақыратын AVAT механизмі арқылы препараттың 600 млн дозасын алдыртуды көздеп отыр. Африка елдерінің басшылары жыл соңына дейін континент тұрғындарының 60%-ын – 780 млн-нан астам адамды вакцинациялауды мақсат етті.
Сонымен қатар вакцинаның мол жеткізілуін Африка елдері Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қатысуымен жасалған COVAX халықаралық механизмі арқылы жүзеге асырмақ.
Бүгінгі күні Африка елдеріндегі коронавирус жұқтырғандар саны – 4 072 935 адам, олардың 108 900-ы қайтыс болды. Ең көп жұқтырғандар саны ОАР-да анықталды, одан кейін Марокко, Тунис, Египет және Эфиопия тұр.