Covid-19: Қажет болса науқастар компьютерлік томографиядан өтеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда коронавирус инфекциясы расталған науқастарға қажет болған жағдайда компьютерлік томография жасалады. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Covid-19: Қажет болса науқастар компьютерлік томографиядан өтеді

Оның сөзіне қарағанда, қалалық медициналық ұйымдарда 33 компьютерлік томография қондырғысы бар, оның 14-і мемлекеттік медициналық мекемелерде.

«Бізде компьютерлік томография бөлімі бар. Covid-19 жұқтырған науқастарға қажет болған жағдайда компьютерлік томографияны қолданамыз», - деді ол.

Сонымен қатар, Тілеухан Әбілдаев бір адамның өкпенің жасанды желдету аппаратына қосылғанын айтты.