COVID-19 онкологиялық ауруларға әсер етуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың кейбір нұсқалары бірқатар жағдайда қатерлі ісік ауруының ағымын нашарлатуы мүмкін. Бұл туралы Ресей денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға сілтеме жасап.

COVID-19 онкологиялық ауруларға әсер етуі мүмкін

Спикердің пайымы операциядан кейінгі науқастарға немесе химиотерапиядан өтетіндерге қатысты жасалған. Ол онкологиялық ауруға шалдыққан науқасты емдеу барысында коронавирустың әсеріне байланысты жағдай күрделене түсетінін түсіндіреді.

«Өте агрессивті штамм болған кезде онкологиялық ауруға шалдыққан немесе улы химиотерапияға ұшыраған науқастарды көрдік, содан кейін жағдайдың нашарлағанын байқадық», - дейді ол.