COVID-19: Польша Қытайдан келген адамдарға шектеу қоймайды
АСТАНА. ҚазАқпарат – Польша Қытайдан келетіндер үшін COVID-19 бойынша арнайы шектеу қоймайды. Бұл туралы бейсенбі күні баспасөз мәслихатында Польшаның денсаулық сақтау министрі Адам Недзельский мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
«Мұндай шараларды енгізу ақталмаған сияқты», - деді ол.
Оның айтуынша, соңғы екі аптада COVID-19 жұқтырғандар саны азайды.
«Екіншіден, бұл өте маңызды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да, халықаралық денсаулық сақтау саласына жауапты агенттік те Қытайдағы қандай да бір жаңа вирустық мутация барын анықтаған жоқ», - деді А.Недзельский.
Одан бөлек, ол Қытайдан келген адамдардан елде тіркелмеген, бөлек вирус геномы анықталмағанын да атап өтті.
«Біз Польшада да бар вирус геномының әдеттегі құрылымына тап болдық», - деді министр.
Фото: russian.news.cn