COVID-19 шектеуі алынғаннан кейін Қытайға келушілер саны 50% артты
Оның айтуынша, 2023 жылдың 8-12 қаңтарында ҚХР көші-қон қызметі күн сайын елге кіретін және шығатын адамдардың 490 мың құжатын рәсімдеп жатыр.
Бұл Қытайдағы COVID-19 шектеуі туралы мәлімдемеге дейінгі көрсеткіштен 48,9%-ға көп.
«Қытайға келушілердің орташа тәуліктік саны 54,7% өсіммен 250 мың адамды, ал елден кетіп жатқандардың орташа тәуліктік саны 43,3% өсіммен 240 мың адамды құрайды», - деп атап өтті ол.
Әуе жолаушыларының ең үлкен ағыны «Пудун» халықаралық әуежайында (Шанхай қ., Шығыс Қытай), күніне 11 мыңға жуық жолаушы байқалды.
Ал құрлықтағы адам ағыны көп шекара өткелі - «Футянь» (Шэньчжэнь қаласы, Гуандун провинциясы, Оңтүстік Қытай). Ол Гонконгтың «қақпасы» саналады.
Ведомство мәліметінше, 2023 жылдың 8 қаңтарынан бастап материктік Қытайдың 1,35 миллионнан астам тұрғыны көші-қон саясаты түзетілгенге дейін 129,4% өсіммен кіру/шығу құжаттарын алуға өтінім берген.
ҚХР СІМ Консулдық қызметінің басшысы У Си 2023 жылғы 8 қаңтардан бастап трансшекаралық сапарлар бойынша жаңа шаралар күшіне енгенін, шекаралық шектеулер әлсірегенін, халықаралық рейстер санына қойылған лимит алынып тасталғанын және Қытайға келгеннен кейін орталықтандырылған карантин жойылғанын тағы да еске салды.
2022 жылдың желтоқсан айының соңында ҚХР билігі Қытайға келушілер үшін ережелер жеңілдетуді, сондай-ақ COVID-19-ға қарсы күрес аясында енгізілген негізгі шектеулерді алып тастауды жариялады.
Фото: AP