Covid-2019: Алматыда күнделікті өсім 1,7 пайыз болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда коронавирустық инфекцияның күнделікті өсімі 1,7 пайызға жетті. Бұл туралы қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Covid-2019: Алматыда күнделікті өсім 1,7 пайыз болды

Оның айтуынша, қалада вирус жұқтырғандардың саны 2201 адамға жеткен.

«Оның 84,3 пайызы ауырған адаммен байланыста болғандар. Жазылып шыққандардың саны 1319-ға жетті. Кеше 37 жаңа жағдай тіркелді. Өсім көрсеткіші 1,7 пайыз болды. Сондықтан, бүгіннен бастап азық-түлік базарлары, қоғамдық тамақтану орындары ашылды. Қонақүйлер іске қосылды. Ауданы 500 шаршы метр асатын сауда орталықтары жұмысқа қосылды», - деді Жандарбек Бекшин.