Creative Aimaq: Атыраудың креаторлары 15 млн теңгенің өнімін сатты

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада Creative Aimaq республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған Атырау облысының креативті жәрмеңкесі өз мәресіне жетті. Екі күнге созылған шара Qazaq Creative Hub алаңында өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Creative Aimaq: Атыраудың креаторлары 15 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көпшілікке сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, қолдан жасалған зергерлік әшекейлер, ағаштан, былғарыдан, сүйек пен металдан жасалған заттар, керамика, өңір дизайнерлерінің киім топтамалары және жергілікті суретшілердің туындылары ұсынылды.

Жәрмеңкеде шеберлік сабақтары, театр қойылымдары және JAIYQ.CORP тәуелсіз арт-кеңістігінің шығармашылық бағдарламасы да ұйымдастырылды.

Creative Aimaq: Атыраудың креаторлары 15 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Екі күн ішінде жәрмеңкеге 10 мың адам барып, Атырау облысының креаторлары жалпы 15 млн теңгенің өнімін сатты.

Creative Aimaq жобасы отандық креативті индустрия өкілдерін қолдауға, жергілікті брендтерді кеңінен танытуға және шығармашылық өнімдерді өткізуге жаңа мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейді.

Жоба аясында ендігі кезекте елордада Батыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесі өтеді.

Creative Aimaq: Атыраудың креаторлары 15 млн теңгенің өнімін сатты
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, бұған дейін елордада Қызылорда облысының креативті индустриялар жәрмеңкесі өтті.